МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Ж.Ғ. ҚАРАҒАЕВ БАСТАҒАН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ж.Ғ. Қарағаев бастаған Маңғыстау облысының делегациясы Астана қаласында өткен «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» Халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты.

Маңғыстау облысынан барлығы 22 адамнан тұратын құрамында мемлекеттік органдарының басшылары, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ, сондай-ақ Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен кәсіпорындардың бірінші басшылары бар делегация құрылды.

Көрме стендтерінде өңіріміздің «ҚазАзот» АҚ, «Каскор-Машзавод» ЖШС, «ПСМ Қазақстан» ЖШС, «Kazakhstan Pipe Threaders» ЖШС, «Kaz-Trub Industries» ЖШС, «Fiberglass Tank Production» ЖШС, «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС компаниялары өз өнімдерін ұсынды.

Көрме барысында облыс басшылығы мен кәсіпкерлері өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, инвестициялар тартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған екіжақты кездесулер өткізді.

Анықтама үшін:

"Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесі 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Көрмеге өздерінің инновациялық әзірлемелері мен жобаларын ұсынатын шетелдік және қазахстандық компаниялар қатысады. Форум пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер мен келіссөздер, пікірталастар, презентациялық сессиялар, мастер-класс түрінде өтеді, оған әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер, сарапшылар, ғалымдар мен саяси тұлғалар қатысады.

Астана қаласында өткен «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» Халықаралық өнеркәсіп көрмесіне Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан елдерінің Үкімет басшылары қатысты.


"Ақтау Теңіз Порты" АЭА баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 1107