ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ АЯСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.Т. ОРЫНБАСАРОВТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Туризм саласындағы жобаларды мониторингілеу аясында бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың басшылығымен «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушыларының «Sembol Aktau» ЖШС («Town Center», «Тақырыптық ойын-сауық паркі» , «Гольф клуб және виллалары бар Гольф-қонақ үй»), «Caspian Plaza» ЖШС («Aqualina Resort» әкімшілік-қонақ үй тұрғын үй кешені) және «Dream Village» ЖШС («Aktau Riviera» көп пәтерлі тұрғын үй кешені) жобалары бойынша ағымдағы жағдайлары талқыланды.

Кездесу барысында жоба жетекшілері алдағы даму перспективалары мен жобаларды іске асыру кезеңдерін атап өтті.Кездесуге Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В.Т. Мұстапаева, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасы А. Т. Кабашев қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша АЭА басқарушы компаниясының басшылығына бірқатар тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 2037