«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА АУМАҒЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 07 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы әлеуетті инвестор - "KMD Trade&Transport Group" ЖШС-мен кездесті.

Кездесу барысында әлеуетті инвестор "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында мұнай негізінде түйіршіктер өндіру зауытын салу үшін инвестициялар салу жоспарларын айтты.

"Ақтау теңіз порты" АЭА басқарушы компаниясының басшылығы жобаларды орналастыру тәртібі, АЭА қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының өзге де нормалары туралы түсініктемелер берді.

АЭА аумағында жобаны орналастыру бойынша инвестордың түпкілікті шешімі күтілуде.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 2139