«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар бойынша Салалық кеңесінің құрамына кеңес мүшесі болып кірді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының @mangystau_atameken жанындағы Өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар бойынша Салалық кеңесінің құрамына кеңес мүшесі болып кірді.

Салалық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның мақсаты бизнес қоғамдастықтың тиісті саладағы бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, бизнестің құқықтарын қорғау, саланы дамыту және кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Кеңестің бірінші отырысы ағымдағы жылдың 28 наурызында өтті. Кеңес барысында Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Р.Т. Мұстапаев экономика салалары бойынша салалық кеңестер құру мақсаттарымен және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі Кәсіпкерлер палатасының алдағы жоспарларымен таныстырып, кеңес мүшелеріне жемісті жұмыс тіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Салалық кеңестің Төрағасы сайланып, кеңестің Жұмыс жоспары келісілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1334