«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА» АҚ БАСШЫЛЫҒЫ АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы "Достық Полимер Плюс" ЖШС, "Сталелитейный центр" ЖШС, "WestEcoPlast" ЖШС және "KazEcoBuild" ЖШС басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жобаларды одан әрі дамыту перспективалары, ағымдағы жағдайы және инвесторларға қолдау көрсету шаралары талқыланды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейтін, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII ҚРЗ жаңа Заңының негізгі ережелері тусіндірілді.

АЭА қатысушыларымен кездесулер одан әрі жалғасады, тиісті кесте бекітілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 2046