2019 жылдың 03 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Ақтау мұнай өңдеу зауытының өкілдері келді.
Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жаңа өндірістерді іске асыру – АЭА қатысушыларына ұсынылатын преференциялық шарттарды қолдана отырып, шағын МӨЗ және логистикалық кешен салу мүмкіндіктері талқыланды.
Жобада жылына 5500000 тонна шикі мұнайды қайта өңдеп, Еуро-5 жанар-жағар майдың ассортименттерін шығару жоспарланған: Боинг және т. б. класты ұшақтарға арналған реактивті керосин және т.б. Инвестицияның жалпы көлемі 1,3 млрд. АҚШ. долл.
Қонақтар жаңа өндірістерді іске қосу үшін "Ақтау теңіз порты" АЭА-мен одан әрі ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты.