Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың Bekbol Orynbassarov төрағалығымен және Индустриялық-инновациялық даму басқармасының Investısıalar Týrızmdy Damytý Basqarmasy басшысы В.Т. Мұстапаеваның, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А. Ж. Манкешованың, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Б.К. Қартбаевтың қатысуымен өткен жиналысқа қатысты. Жиналыста арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдык даму мәселелері, оның ішінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың №2, 4, 5, 6 қосалқы аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасының, сондай-ақ өңірдің 2025 жылға дейінгі Әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында көзделген АЭА-ны дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.